Accessibility links

ІІ-нші Алексий “Косово проблемасын” шешуге орыс шіркеуінің көмегін ұсынды


СТРАСБУРГ: Ресейдің православие шіркеуінің басшысы, Патриарх ІІ-нші Алексий Косово өлкесі сербтер үшін қасиетті жер болды және өлкенің құқықтық мәртебесі толық анықталып болған соң да сербтер ол жерде бейбіт өмір сүре алуға тиіс деп мәлімдеді. Бүгін Страсбург қаласындағы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында сөйлеген сөзінде ІІ-нші Алексий Косово проблемасын шешуге орыс шіркеуінің көмегін ұсынды. Сонымен қатар Патриарх Алексий тарихи ескерткіш ретінде ЮНЕСКО-ның қамқорлығына қарайтын осы аймақтағы православие шіркеулерінің қиратылуына наразылығын айтты.
XS
SM
MD
LG