Бүгін Пәкістанда президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Орталық Сайлау Комиссиясының басшысы Қази Мухаммад Фаруқ қазіргі президент Первез Мушараф ұлттық парламенттегі 257 дауыстың 252-сін иеленіп, жеңіске жетіп отыр деп айтты. Ресмилер Мушараф төрт провинциялық ассамбляда жеңіске жеткенін айтуда. Бірақ, Пәкістанның Жоғарғы Соты сайлау қортындылары әскерилердің бас қолбасшысы болып отырған Первез Мушарафтың сайлауға қатысуының заңды-заңсыздығын анықтағанша жарияланбайды деген еді. Оппозиция Мушарафтың сайлауға түсуіне қарсылық танытып, дауыс берулерге байкот жариялап көшеге шықты, Пешевар мен Карачиде қауіпсіздік күштері шерушілерді қуу үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.