Ресей мен Америка Құрама Штаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде Сербия құрамындағы Косово мәселесінде келісім таба алмай отыр. АҚШ елшісі Залмай Қализад Косовоның болашақ мәртебесін арағайыншылар ең ары дегенде 10 желтоқсанда белгілеу керек, әйтпесе Косоводағы жағдай ушығып кетеді дейді. Бірақ Ресей елшісі Виталий Чуркин келісөздер Косово мәртебесі анықталмай тоқтап қалса, албандар тәуелсіздікті өз беттерінше жариялап қойса – жағдай осыдан ушығады дейді.