Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Түркия елшісі Вашингтонға тезарада қайтып келсе жөн деген үмітін айтты


АҚШ парламентінің комитеті 1915 жылы болған армяндарды жаппай өлтіру оқиғасын геноцид деп таныған соң Түркия үкіметі Вашингтондағы елшісін шақырып алды. Түркия тарихта мұндай геноцид болған емес дейді. АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс және қорғаныс министрі Роберт Гейтс Конгресс жетекшілеріне хат жолдап, резолюцияны Өкілдер палатасы толық құрамында қабылдамауды сұрады. АҚШ әкімшілігі мұндай қаулы НАТО ұйымындағы одақтасымыз Түркиямен арадағы әскери әріптестікті бұзады дейді. Армения президенті Роберт Кочарян болса АҚШ Конгресі комитетінің қаулысын құптады.
XS
SM
MD
LG