Сирия президенті Башар әл-Ассад Түркияға 4-күндік ресми сапармен келді. Ол Түркия президенті Абдулла Гулмен кездесті. Бүгін Сирия басшысы әл-Ассад Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізеді. Өткен аптада ол Сирия мен Израиль арасында Түркия делдалдық жасауға тырысып жатыр деп мәлімдеген болатын.