Ресейдің оңтүстігінен келіп түскен хабарларға қарағанда, Дағыстан республикасында бір жанкешті әйел таксиде өзін-өзі жарып жіберген. Оның салдарынан әлгі жанкештінің өзі қаза тауып, кемінде 3 адам жарақат алған. Жергілікті Ішкі істер министрлігінің ресмилері жарылыс полиция бекетіне жақын жерде орын алған дейді.