ТБИЛИСИ: Грузияның саяси оппозициясы 2-нші қараша күні Тбилисиде митингі өткізуге әзірленіп жатыр. Кеше кешкісін оппозиция өкілдері Зугдиди қаласында митингі өткізді. Оның алдында дәл осы күні қалада оппозиция өкілдері мен Грузияның экс-президенті Звиад Гамсахурдияның үзеңгілестері өзара қақтығысып қалды. “Интерфакс” агентігінің хабарлауынша, біріккен грузин оппозициясының бүкіл елдегі наразылық шарасын ұйымдасқан түрде өткізуі үшін белгілі грузин кәсіпкері Бадри Патаркацишвили оны қаржылай қолдамақшы. Қазір Патаркацишвили Лондонда жүр, бірақ таяу күндері Тбилисиге оралатын көрінеді.