Accessibility links

Әзірбайжан ресмилерінің айтуынша, елдің қауіпсіздік күштері “ірі лаңкестік шабуылдардың” алдын алған


Әзірбайжан қауіпсіздік күштері Бакудегі батыс елдерінің елшіліктеріне жасалмақшы болған ірі лаңкестік шабуылдардың алдын алған. Бұл туралы Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік министрлігінің баспасөз-хатшысы хабарлады. Ариф Бабаевтың айтуынша, лаңкестік топтың мүшелері деп күдіктелгендер қамауға алынған. Бүгін таңертең қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Бакудегі Британия елшілігі жабылып, ал АҚШ елшілігі жұмысын азайтқан болатын.
XS
SM
MD
LG