Accessibility links

Грузияда төтенше жағдай тәртібі ертең алынып тасталмақ


Бұл жайында кеше Грузия парламентінің төрайымы Нино Буржанадзе жариялады. АҚШ пен батыс ұйымдары төнеше жағдай тәртібін алып тастау керек деп Грузия үкіметіне бірнеше мәрте сөз салды. Еуропа Одағының Кавказдағы өкілі Питер Семнеби президент сайлауының халықаралық дәрежеде мойындалуы үшін төтенше жағдай тәртібін алып тастаған жөн деді. "Төтенше жағдай тәртібі алдағы екі күнде алынып тасталады деп айтылып жүрген мәлімет шындыққа сай болады деп үміттенеміз", - деді ол кеше. Грузия президенті Михаил Саакашивли наразылық шерулерін Ресей қоздырды, төтенше жағдай тәртібі елді аласапыраннан алып қалу үшін қажет деген.
XS
SM
MD
LG