Қазақстандағы «Шаңырақ-Қазақстан» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсендісі әрі ресми тіркелмеген «Социалистік қарсылық» ұйымының жетекшісі, журналист Айнұр Құрманов кеше, Алматы әкімшілік сотының шешімі бойынша 7 тәулікке абақтыға қамалды. Ол қарашаның 7-күні Алматыдағы Сот Әкімшілігі ғимараты алдында болған тұрғындардың наразылық жиыны кезінде, сот шешімімен тұрғын-жай, баспанасынан айырылған бір топ азаматтың атынан осы мекеменің басшылығы атына жазылған наразылық петициясын оқығаны үшін ҚР Әкімшілік заң талаптарын бұзды деп айыпталып отыр. Сол жолы полицейлер Айнұрды ұстап әкетпек болғанда, наразылық жиынына келген тұрғындар араша түсіп, оны бермей қойған дейді сол наразылық жиынына қатысқан Ризада Жақыпбек.