Ресейдегі парламенттік сайлауларда президент Владимир Путиннің партиясы басымдықпен жеңіске жетті. Путинмен сейсенбі күнгі телефон әңгімесі барысында АҚШ президенті Джордж Буш өз алаңдаушылығын білдірген болатын. Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымының баспасөз қызметінің айтуынша, сайлау алды науқанда Ресей баспасөз бостандығына байланысты міндеттемесін орындай алмады.