Accessibility links

Әзірбайжанда шетелдік баспасөздің журналистері қудалауға ұшырады


БАКУ: Әзірбайжанда “Азаттық” Радиосының тілшісі Ильгар Насибов қамауға алынды. Оны Нахичевань қаласында сотқа алдап шақырып алып, судья оны милиция туралы жалған қауесет таратты деген айыппен 90 күнге түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Қазір И.Насибовтың қайда отырғаны беймәлім. Осыдан 2 күн бұрын ғана дәл сол судья Насибовқа тағылған айыпты негізсіз деп таныған болатын. “Азаттық” Радиосының президенті Джефри Гедмин И.Насибовты дереу босатуды талап етті.
XS
SM
MD
LG