Accessibility links

Ауаға шашылатын улы газды азайтуға АҚШ тағы да келіспей тіресіп отыр


ДИЛИ: Бүгін Шығыс Тиморда сапарда жүрген БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ки Мун Индонезияның Бали аралында жалғасқан ауа райының құбылуы проблемасына арналған халықаралық конференцияға сенбі күні оралатынын мәлімдеді. БҰҰ-ының бұл форумында пікірталас туғызған мәселелер әлі шешілген жоқ. Еуроодақ Қорытынды құжатқа 2020-сыншы жылға қарай дамыған елдерге ауаға шашатын улы газды 25-40 пайызға дейін қысқартуды міндеттейтін тарау енгізуді талап етуде. Ал АҚШ пен Ресей және Жапония оған қарсы. Бұл форум 2012-нші жылы күшін жоятын “Киото хаттамасының” орнына балама құжат қабылдауды көздейді. Кезінде АҚШ бұл хаттамаға да қол қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG