Accessibility links

Солтүстік Ирақ жерінен Күрдстанға кірген түрік әскерлері кері қайтты


Түркия осы аймақта бекінген күрд сепаратист көтерілісшілеріне қарсы операциялар жүргізу үшін бірнеше жүздеген жасағын жіберген болатын. Қандай да бір қақтығыстардың болғаны жөнінде хабарлар түскен жоқ. Бұл аралықта Ирақтың солтүстігіндегі Күрд үкіметінің басшысы Мақсұд Барзани түрік әскерлерінің Ирақ территориясынан шығып жатқандығын хабарлаған. Ирақ ресмилерінің айтуынша, демалыс күндері Түркияның әскери ұшақтары Ирақтың солтүстік аймақтарын бомбалаған, оның салдарынан бір бейбіт тұрғын құрбан болған.
XS
SM
MD
LG