Accessibility links

Қырғызстанда адам хұқтарын қорғаушы белсенділер қамауға алынып, түрмеге жабылды


Қырғыз соты Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысына наразылық шеруіне қатысқан бірнеше адам хұқын қорғаушыны жазаға тартты. Белсенділердің адвокаты Сыртпай Жайшыбеков қамалғандарың алтауы жеті күнге, бесеуі бес күнге түрмеге жабылып, қалған бесеуіне айыппұл салынып, бостандыққа жіберілді деп айтты. Шерушілердің бесеуі әйелдер болған. Ондаған адам қолдарына "Біз сенбейміз!" деген ұрандар ұстап шыққан. Оппозиция алдағы аптада да осындай наразылық шерулерін өткізуді жоспарлаған.
XS
SM
MD
LG