Орталық сайлау комиссиясы елдегі басты оппозициялық партия 16 желтоқсанда өткен сайлауда парламенттен бірде бір мандат алған жоқ деп атап көрсетті. Атамекен партиясы сайлаушылардың 8,3 процент даусын жинап екінші орында тұрғанымен, оған парламенттен бірде бір орын бұйырмады, өйткені аймақтық сайлаушылардың 0,5 процент даусын алу межесінен өткен-өтпегендігі айқын емес. Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевтің Ақжол партиясы парламенттегі 90 орынның 71 иеленді. Оппозиция сайлау нәтижелері бұрмаланды деп айыптады.