Үкіметті құлатпақ болған астыртын әрекеттің алды кесілгендігі жөнінде дүйсенбіде Бас прокуратура кеңсесі жариялаған болатын. Бұл әрекетке депутат Валери Гелбахиянидің қатысы бар, деген күдік айтылды. Қаржы алпауыты Бадри Патаркацишвилидің президенттікке үміткер ретіндегі сайлау алды науқанын осы Гелбахияни басқарып отыр.