Қазақстан мен Ресей үкіметі және ғарыш агенттіктері Байқоңыр ғарыш айлағынан қыркүйек айында ұшырылған Протон зымыран тасығышы құлаған кезде Қазақстанның экологиясына келтірілген зиянның орнын толтыру турасында бір мәмлеге келді. Ресей ғарыш агенттігінің жетекшісі Анатолй Перминов Ресей Қазақстанға 2,4 миллион доллар өтемақы төлеуге дайын деп атап өткен. Сонымен қатар Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан алдағы уақытта ұшырылатын Протон зымыран тасығышының санын қысқартуға уәде еткен.