Грузияның уақытша президенті Нино Бурджанадзе 5 қаңтарға белгіленген президент сайлауын сенімді жағдайда өткізіп, сайлаудың демократиялық құндылықтарға сай екені жайында күдік қалтырмауға шақырды. Шетел журналистеріне айтқан сөзінде Нино Бурджанадзе сайлауды еркін және әділ өткізу басты құндылығымыз деді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузияда өтіп жатқан сайлау науқанына сын айтқан болатын, Михаил Саакашвилиді тағы да президент етіп сайлау мақсатында мемлекет бюджетінің ақшасы жұмсалып жатыр, кандидаттардың арасында тең жағдай қамтылмаған деген.