Ресми ақпарат агенттігі жариялағандай, бір ғана Хюбей провинциясында 93 мыңнан астам адам "Бір отбасында бір баладан артық бала болмау керек" деген ережені бұзған. Олардың көбі - ресми лауазымдағы азаматтар, депутаттар, саяси қызметкерлер. Жалпы, осы айып бойынша Коммунистік партиядан 500 адам шығарылды, 395 адам ресми қызметтерінен алынды.