«Абай» көмір шахтасының ауысым жетекшісі Андрей Старещенко жұма күні түскі мезгілде «Азаттық» тілшісіне телефон арқылы берген түсініктемесінде, сол күні таңертең сағат 9-дан 18 минут өткенде болған жарылыстан бұрын жер астында барлығы 195 кеншінің болғандығын жеткізді. Ал төтенше оқиғадан соң құтқару жұмыстарының нәтижесінде 161 кенші құтқарылып, жер астында қалып қойған 23 кеншінің тағдыры қандай екендігі белгісіз екенін айтты Старщенко. Сондай-ақ ол жер астындағы метан газы көмірдің шаң-тозаңымен араласып барып жарылыс берген болуы мүмкін деген өзінің алғашқы болжамын білдірді.
Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған осы қайғылы оқиғаға байланысты сол күні үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың өкімімен төтенше оқиғаның себебін тексеру жөініндегі үкіметтік комиссия құрылып, Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко оқиға болған жерге шұғыл аттанған.
Соңғы келіп түскен хабарларда жер астында қалып қойған кеншілерді іздестіру мен оларды құтқару жұмыстарының жүріп жатқаны хабарланды. Ал жарылыс салдарынан түрлі деңгейдегі күйік, жарақат алған кеншілер ауруханаларға жеткізілген.
Шахтада апат болған күні Абай қаласындағы аудандық ауруханаға 6 адам түрлі жарақаттармен түскен. Ал Қарағанды қаласындағы клиникалық ауруханаға жеткізілген төрт адам 3-ші және 4-ші дәрежелі күйікке шалдыққан, яғни дене терісінің 30-60 проценті күйіп кеткен және тыныс салу мүшелері зақымданған олардың халдерін дәрігерлер өте ауыр деп бағалап отыр.
Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, «Абай» атындағы шахтада болған жарылыс салдарынан жер астында қалып қойған кеншілер мен апат зардаптарын жою жұмысына әскерилендірілген құтқару қызметінің 10 бригадасы және 50 шақты құтқарушылар қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шахтадағы жарлыс салдарынан қаза болған кеншілердің отбасы мүшелеріне көңіл айтып, жеделхат жолдады.