Мұхамед Пайғамбар карикатураларын жариялаған Беларус газетінің бұрынғы редакторы Александр Здвижкой үш жыл түрмеге кесілді. Қарама-қайшы карикатуралар 2006 жылы "Згода" газетінде жарияланған. Дау-дамай шыққан соң Александр Здвижкой елден кетіп қалған. Алайда ол былтыр жыл соңында әкесінің зиратына бару үшін Беларусқа оралып келгенде қамауға алынды. Енді міне үш жылға сотталды. Александр Здвижкойдың адвокаты Минск қалалық сотына шағым түсіреміз дейді.