Израил Палестина территориясын жапқан блокаданы халықаралық сыннан кейін сәл жеңілдеткен болатын. Блокада Газадағы электр станциясын жауып тастаған еді. Хабарларға қарағанда, Газа аймағына дәрі-дәрмек пен отын тиеген жүк машиналары барып кірген. Израил Хамас жауынгерлік тобының Израил территориясын зымыранмен атқылауын тоқтату үшін блокада орнатқандығын айтады.