БҰҰ Ауғаныстанды өлім жазасына кесілген журналистің үкімін қайта қарауға шақырды. Саид Первиз Камбахш осы аптаның басында құдайға тіл тигізді деп айыпталған. Ауғаныстандағы БҰҰ-ның өкілі сот әділетті өткеніне күмән келтіреді. Оның айтуынша, сот отырысы жабық есік жағдайында өткен әрі Камбахшқа заңды өкіл берілмеген.