Трайан Базеску НАТО-дағы одақтастарын Косовоның Сербиядан тәулесіздік алу туралы жоспарынан қалыс қалуға шақырып, келісімге келу үшін әлі де уақыт берілуі керек деген. Румыния президенті Сербияның келісімінсіз немесе БҰҰ-ның толық қолдауынсыз Косовоның тәуелсіздік жариялауы халықаралық заңдарға қайшы келеді және басқа аймақтардағы сепаратистік топтар үшін қауіпті прецедент деп ескерткен. АҚШ пен Евродақтың басты елдері Косово провинциясының тәуелсіздігін мойындамақшы.