- Президент бұл жолдауда ОБСЕ ұйымына төраға болар алдында біздегі жіберіліп жатқан кемшіліктерді атап, солардың барлық кем-кетігін түзеймін деп айтуы керек деп ойлаймын, мен соны күтемін. Әлеуметтік мәселелерде де, айтайық, зейнетақы мен өзгедей әлеуметтік жәрдем белгілеуде кемшіліктер көп. Ел қазір айғайлап-шулап отыр мына бағаның қымбаттап кеткеніне. Екіншіден, мұғалімдер мен дәрігерлердің, бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын тез көтеру керек, оны 2009-2010 жылға дейін қалдырмау керек, себебі оған дейін дүние одан сайын қымбаттап кетеді.
Ал мемлекеттік тұрғыдан, сайлаус ережелерін жөндеу керек деп санаймын. Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің барлығы әрбір партияның өкілдерінен жасақталуы керек. Сонда ғана халық сенеді сайлауға. Әрине, кемшіліктер болуы мүмкін, бірақ соны түзете алатын Орталық сайлау комиссиясы бар деп сенетін болады жұрт.
Ресейде де кемшіліктер жетіп жатыр. Бірақ ол елде, ел арасында сұрағандар болса да, Путин тағы бір мерзімге президент сайлауына түспей, Конституцияны өзі үшін өзгертпейтіндігін айтты. Содан кейін, парламенттен биліктің партиясынан өзгелерге де орын берді. Ал Қазақстанда болса «Нұр Отаннан» басқа ешбір партияны парламентке өткізбей қойды. Осыны өзгерту керек – партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген 7 пайыздық меже 5 пайызға дейін төмендеуі керек. Содан кейін бір адамның өмір-бақи президент болуға хақысы бар дегеннің өзі - әлгі Рахат Әлиевтің аузымен «бізде хандық жүйе болу керек» деген әдейі айтылған сөзі елді біраз шулатып, аяғы осылайша «мәңгі президент» дегенге әкеп соқты.
Міне, қазір халықтың көкейінде, елдің наразылығын туғызып жүрген осындай мәселелерді ойластырып, ОБСЕ ұйымына шын мәнінде лайықты төраға болу үшін әлгіндей кеткен кемшіліктерді жөндеймін дегенді жолдауында айтса халықтың көңілінен шығар еді.