- Тәуелсіз басылымдардың жағдайы керемет жақсы деуге болмайды, Қазақстанда тәуелсіз басылымды санасаңыз он саусақ та жетпейді, олар өзі бірлі-жарым басылымдар. Тәуелсіз басылымда жұмыс істеудің қиындығы да көп деп айтуға болады, бірақ енді ол қиындықтарды тудыратын билік қой.
Өйткені, біріншіден, басылымның баспаханада басылуына, оған жазылға келгенде тәуелсіз басылымдарға қойылған шектеулер жоқ емес, жергілікті билік орындары - оған құқық қорғау органдарынан бастап өрт сөндіру, санитарлық дегендеріңіз қосылып алады - оларға рұқсат берілмейді. Ал мемлекеттік қызмет көрсету түріне мүлдем иек артпаймыз да. Сондықтан тәуелсіз басылым өз күнін өзі көреді, өзі таратады, өзі шығарады, ешкімнің қолынан ақша алмайды, тек газеттің сатылғанынан түскен қаржыға ғана күн көреді.
Біздің қоғамда бір пікір бар: мынау тәуелсіз басылымдар шетелден ақша алады, грант алады, оған белгілі бір олигархтар көмек көрсетеді деген. Ол мүлдем олай емес. Егерде, шіркін, сондай көмек көрсететін азаматтар табылып, тәуелсіз басылымдарға көмек көрсетіліп жатса, мүмкін біздің жағдайымыз бұндай болмас еді, өйткені біздің газеттеріміз алыс аудан, облыстардағы елді мекендерге жеткізу, облыс орталықтарында тарату қиындықтарға соғады. Себебі, оларды сатуды жергілікті азаматтардың бәрі өзінің жауапкершілігіне ала бермейді, өйткені ондайларға жергілікті полициядан бастап әкімшілік, жергілікті басқару органдары күн көрсетпейді, газеттерді сатқыздыртпайды. Әрі-беріден кейін газетті сату - жеке адамның өзінің жеке кәсібі ғой, оның күн-көрісі, шай-суы, бала-шағаның қамы дегендей.
Сондықтан тәуелсіз басылымдарды тарату жағы біздің елде қиын, ал жалпы, негізінде тәуелсіз басылымдар қоғам үшін маңызды ақпарат алып, қалың елге шындықты жеткізуге тырысып, еңбек етіп жатыр деп айтуға болады. Қазір енді дегенмен, бұрынғыдай қорқыту-үркіту дегенді жиі көріп жатырмыз деп айтуға болмайды. Бірақ бір материал жарияланған кезде телефон шалып, аты-жөндерін айтпай бізге ескерту айтып жататындар болады. Әсіресе ондайлар саяси науқан кезінде болады, ондай ескертулер қағаз жүзінде прокуратура орындары тарапынан «ананы жазасың, мынаны жазбайсың» деген мазмұнда келіп түсіп жатады.
Міне қазір Қазақстан ОБСЕ ұйымына 2010 жылы төраға болуға бекітілді. Алайда осы халықаралық ұйымға төраға боларының алдында Қазақстан жақын кезеңде орындалуы тиіс міндеттемелер алған болатын. Солардың бірі - тәуелсіз басылымдарға еркіндік беру, олардың қызмет аясын шектемеу, ал негізі қолданыстағы баспасөз туралы заңға толық өзгертулер енгізу. Жалпы өзі өркениетке ұмтылған елдерде баспасөз туралы заңның қандай қажеті бар? Өйткені құқыққа байланысты мәселенің барлығы Конституцияда, содан кейін қылмыстық, әкімшілік заңдарда қарастырылған, оларда әркім өзі жауап беретіні туралы баптар бар. Сондықтан, өз басым, біздің елде баспасөз туралы заңның болмағанын қалар едім.