Екі елдің Косово төңірегіндегі жағдайға қатысты төтенше мәжіліс өткізуді талап етіп отырғаны турасында Евродақтың сыртқы қатынастар комиссары Бенита Феррееро Уолднер Словениядағы Евродақ-Ресей саммиті алдында хабарлады. Интерфакс агенттігі Ресей сыртқы істер министрінің Балкандағы арнайы өкілі Александр Боцан Харченконың Ресейдің мұндай талапқа қосылып отырғанын растаған сөзін келтірген.