Accessibility links

Шетелден тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударып келген Тұрысбек өзі кезіккен қиындықтар туралы


- Мен Қытайдан 2006 жылы келгенмін. Өз Отаным, дербес мемлекетіміз деп, өз еркіммен мұнда келген соң азаматтықты да қабылдадым. Бірақ, сол мемлекетімізден оралман ретінде ешқандай жеңілдік көргенім жоқ, осында келгелі жұмыссыздықты бастан кешіп жатырмын, жұмыс істейтін орын жоқ. Жұмысқа тұрайын десең әскери билет керек дейді, анау керек, мынау керек деп сұрайды, ал ондай менде жоқ болғандықтан жұмысқа алмайды.

Оның үстіне барлығы мұнда орыс тілінде сөйлейді, ал біз – оралмандар орыс тілін білмейміз. Және де ол сөйлеп тұрғандар сол өзіміздің қазақтың қыздары, олар барлық сұрағыңа орысша жауап береді. Ал ол тілді мұнда өзіміздің – қазақтың мемлекеті деп аңсап келген біз қайдан білейік?!

Мұндағы ел әлі сол бұрынғы орыстың қол астында жүрген секілді орыс тілін білуді міндет санайтындай. Тәуелсіз елдің өз мемлекеттік тілі бар емес пе? Ендеше сол тілде сөйлейтін адамға оған қоса орыс тілін білу шарт болмау керек қой. Өкінішке қарай, біздегі қазіргі жағдай керісінше боп тұр.
XS
SM
MD
LG