Бүгін Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қандай да бір жаңа санкциясы өзіне “лайық” жауабын алады деп ескертті. Бұл туралы бүгін Техрандағы журналистерге Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммед Али Хуссейни айтып, Иран ол қарардың мазмұны негізінде, дәл уақытында шешімді жауап береді деп ескертті. Бұл мәлімдеме Қауіпсіздік Кеңесіндегі Батыстың ықпалды елдері уран байытуда тоқтатудан бас тартты деп Иранға үшінші мәрте санкция салуды қарастырып жатқан тұста айтылып отыр.