БРАЗИЛИА: Аргентина мен Бразилия атомдық суасты сүңгуір қайықтарын бірге тұрғызады. Кеше Бразилияның қорғаныс министрі осылай деп мәлімдеді. Аргентинаның баспасөзіне сілтеген “Франс-Пресс” агенттігінің хабарлауынша, сүңгуір қайық шығару бағдарламасына Франция да атсалысады. Оның алдында Аргентина мен Бразилияның уран шикізатын байытатын және ядролық реактор тұрғызатын бірлескен кәсіпорын ашу жоспары барлығы хабарланды. Бұл кәсіпорын 2 елге қатар жұмыс істеуге тиіс.