Ресейге жұмыс іздеп барған өз азаматтарының кісі қолынан қаза тауып жатқанына қатты қынжылыс пен өкініш білдіре келіп, Қырғыз парламенті осы жылдың өзінде Ресейде өлтірілген азаматтарының саны 8-ге жеткеніне назар аударған. Сондықтан да Мәскеуді осы өлім жағдайларын мұқият тергеп-тексеруге шақырды. Ресейде соңғы жылдары шыққан тегі орта азиялық және кавказдық азаматтарға қарсы расистік шабуылдар жиілеп кетті.