Accessibility links

Германияның Бадленсалтз қаласында тұратын қазақ Тілеухан Биболат зағип жандардың жағдайы туралы


- Өзім туып-өскен Семей қаласындағы ескі таныстарыммен телефон арқылы үнемі хабарласып, сөйлесіп тұрамын. Семейдің бір өзінде 400-дей мүгедек, зағиптардың басын құрайтын бір қоғам бар болатын. Бүгінде осы қоғам мен екі көзі көрмейтін зағиптардың жағдайын өте аянышты, ауыр халде десем артық айтқаным емес. Олар өздеріне тиесілі әлеуметтік көмек-жәрдемдерін ала алмай отыр. Осыны даулап сотқа арыз түсіргендіктен сот зағиптардың пайдасына істі шешіп беріпті.

Алайда жергілікті әкімшілік осы күнге дейін сот шешімін орындамай, зағип, мүгедек жандардың ақшасын бермей олардың тағдырымен ойнап отыр. Бұл - масқаралық қой!

Екі көзі көрмейтін зағиптарды кейде жұмысқа шақырады екен, ол жұмыстың өзі бұл адамдар үшін келмейтін жұмыстар. Ал қазір мемлекеттік жәрдемақы 15 мың теңге болды, бұл екі жанарынан айырылған, өмірдің қызығын көре алмайтын күйге түскен бұл азаматтарды қорлау деп білемін. Өйткені 15 мың теңгеге олар қалай өмір сүреді?!

Сондай-ақ Семейде болсын, Қазақстанның басқа қалаларында болсын, «Соқырлар қоғамы» деген қоғамдық ұйымдар бар. Және бұл азаматтарды «соқыр» дегеннің орнына «зағип» деп айтайық деген ешкімде жоқ, бұл бір кемсіту сөзі екенімен ешкімнің ісі болмай отыр. Қала әкімшілігіндегі көп шенеуніктер немен айналысып, не істеп отырғандарын ешкім білмейді.

Ал Германия еліндегі зағиптар жағдайына келер болсақ, бұндағыны Қазақстандағы жағдаймен салыстырар болсақ, айырмасы жер мен көктей. Тіпті Германияда 50 млн-дай ит пен мысық бар екен, әні солардың жағдайы Қазақстандағы жарымжан адамдардың халінен көп жақсы деуге болады.

2000 жылы ұлты неміс, өзі зағип әйеліммен бірге осы Германияға біржола қоныстануға келгенбіз. Өзімнің де екі көзім көрмей қалған. Алайда есту қабылетім, құлағым сау болғандықтан елдің жаңалығын есту үшін көбінесе радио тыңдаймын, елдегі қымбатшылық, тағы басқадай келеңсіз жағдайларды естігенде қаймығамын.

Әйелім екеумізге Германия үкіметі ай сайын 1200 еуро жәрдемақы төлейді және 3 бөлмелі пәтердің жалақысы 340 еуроны үкімет өзі төлейді, бұл бізге жасалып жатқан үлкен көмек әрі жақсылық. Зағиптарға деген осындай қамқорлық менің Отаным – Қазақстанда да болса екен деп тілеп-армандаймын.
XS
SM
MD
LG