Сенбі күні таңертеңгі сағат 10-ға қарай Алматы қаласы әкімі ғимаратының алдындағы орталық алаңға жиналған жиырма шақты адамды саны жағынан үш есе көп полиция жасағы бірден қаумалап алып, азаматтардың бұл жерге шоғырланбай тарап кетуін талап ете бастады. Алаңға келгендердің бірі жасы 70-ке шыққан Мария Александровна есімді орыс әйелі бұл жерге өзінің наразылық білдіруге келгенін айтты:
- Себебі бұл алаңда 1986 жылы сол кездегі биліктің шешімімен келіспей өз наразылықтарын білдірмек болғандардың қаны төгілген. Енді келіп сол алаңның астынан сауық-сайран орнын салмақшы боп жатқанын қалай түсінуге болады? Біз бұған қарсымыз, олар бұл құрылысты тоқтатсын!
Бірақ қарт әйел мен оның пікірлестерінің бұл талабын полиция жасағы тыңдамады. Тіпті олардың осы жерге жиналған журналистердің қойған сауалдарына өз пікірлерін білдіруіне де мұрсат бермей, еркінен тыс алаң маңынан аулаққа тықсырып қуалай бастады.
Полиция күштері өз талабына бағынбаған 5 әйел мен 3 ер адамды күштеп апарып, осы алаңның шетіне күні бұрын әкелініп қойылған терезесі темір торлы автобусқа отырғызды. Ұсталғандардың арасында оппозициялық «Азат» партиясының, жұмысшылар қозғалысының және «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бар деп хабарлады «Азаттық» тілшісіне осы оқиғаның куәсі болғандардың бірі - «Социалистік қарсылық» қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрманов.
- Полиция оларға заңсыз пикет өткізбек болды деген кінә тағып, әкімшілік заң бұзғаны жөнінде іс қозғау үшін Алматыдағы Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне алып кетті. Ал шындығында бұл жерде ешқандай пикет болған жоқ, олардың бар жазығы – бүгін осы жерге жиналып келгендері. Қазір біз азаматтардың кез-келген жиыны болғанда полицейлердің осылайша заңды өрескел бұзып іс-қимыл жасайтынын көріп тұрмыз, - дейді Айнұр Құрманов.
Алматы қаласы әкімінің рұқсатымен қазір орталық алаңның астынан «Алмалы» деп аталатын сауда және көңіл-сауық кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобалық құны 24 млрд теңге тұратын бұл кешен 5,5 га жерге орналаспақ. Алайда, осыдан 21 жылдан астам уақыт бұрын Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының Қазақстанға қатысты шешімімен келіспей, өз наразылықтарын білдіріп шыққан қазақ жастарының қаны төгілген алаң астында жаңа құрылыс салу қоғам тарапынан қатты сынға кезікті. Сын айтушылар бұл құрылысты тәуелсіздік жолындағы күрес ретінде тарихи маңызы бар Желтоқсан көтерілісі мен оның құрбандарын құрметтемеу деп бағалады. Оларға Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов алаң мұражай да, мола да емес, сондықтан онда сауда кешені және көпшілік арналған өзге орындар салынатын болады деп жауап берді.
Өткен жылғы қараша айының аяғында басталған «Алмалы» кешенінің құрылысы жоспар бойынша 2010 жылы аяқталуы тиіс. Биылғы қаңтар айының ортасында қазақстандық баспасөз құралдарында алаң бойымен жер жарығының пайда болғаны туралы ақпарат тараған соң бұл жобаның қауіпсіздігіне қатысты күмәнға толы сауалдар қойыла бастады. Ақпанның 12-күні Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов, мамандардың берген қортындысына сілтеме жасап, әлгі пайда болған жарық қазіргі кезде алаң мен оның астынан салынып жатқан кешен құрлысына айтарлықтай қауіп төндірмейді дегенді айтты.
Алайда дәл бүгінгі күні халық пен биліктің арасында пайда болған әлгіден де үлкен жарық барған сайын ұлғайып барады дейді, наурыздың 1-күні Алматыдағы орталық алаңға наразылық білдіру үшін келгендердің бірі Елена Кошалева есімді әйел.
- Өйткені, билік өз халқымен соғысып жатыр - кей жерде жұртты далаға қуып тастады, енді біреулерге меншігіндегі жерді жекешелендіруге рұқсат бермейді. Сондықтан жұрт бүгін бұл жерге өздерінің ашу-ызасы мен наразылығын білдіруге келді, - дейді Елена.
«Алмалы» жобасын атқарып жатқан «Базис-А» корпорациясы о баста кешен құрылысын жер астында ғана жүргізіп, алаңның үстімен өтетін Сатпаев көшесіндегі автокөлік жолы жабылмайды деп уәде берген болатын. Алайда, ақпанның 28-күні корпорацияның директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Алматыдағы Республика алаңында наурыз айының 25-інен бастап ашық әдіспен жер қазу жұмыстарын бастайтындықтан алаң үстіндегі жолдың жабылатынын мәлімдеді.