Қатайтылған санкциялардың үшінші айналымын 15 елдің 14 қолдады. Жаңа қарарда Иран ресмилеріне сапар бағыттарын шектеу, ядролық немесе баллистикалық зымырандар бағдарламасымен байланысты компанияларға қаржылық шектеулер қарастырылған. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Залмай Халилзад:
- Жаңадан қабылданған қарар бойынша қарсылық болған жоқ, бұл Қауіпсіздік кеңесінің талаптарына мойнұсынбай келген Иранның есіне тағы бір рет салу турасында жасалған маңызды қадам. Енді мұнда Иран тап болатын қысым көбірек болады, - деді.
Бұдан бұрын жаңадан салынған кез келген санкция заңсыз болады деп мәлімдеген Иран өзінің ядролық бағдарламасын дамыту хұқын талап етуде.