Виктор Ющенконың бұл сапары Қазақстанда Украина жылының ашылуына орайлыстырылып отыр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
«Украина президентінің Қазақстанға сапары кезінде мәдени мәселелермен қатар, негізгі үш сала - өнеркәсіп саласы, Украина территориясын транзиттік территория ретінде пайдалану мәселесі, сонымен бірге өңдеу технологиялары мәселелері қаралады», - дейді саясаттанушы Шәріпбек Әмірбек.
Оның айтуына қарағанда, бұл салалардың қай-қайсыда қазіргі кезде Қазақстан үшін маңызды. Себебі, біріншіден, Украина бұрынғы посткеңестік елдердің ішінде өнеркәсібі біршама дамыған ел. Сондықтан Қазақстан Украинамен өнеркәсіптік қарым-қатынасын күшейтуді көздейді. Екіншіден, Украина транзиттік территория болып есептеледі. Мысалы, Ресей осы Украина арқылы газын Еуропаға шығарып отыр.
Қазақстанда Украинаны транзиттік территория ретінде пайланану мәселесін қарастыруы мүмкін.
«Себебі, Қазақстан астық, мұнай тасымалдауда Украина порттарын пайдаланғысы келеді. Бұл мәселеде осы кездесу кезінде көтерілуі мүмкін маңызды мәселе. Сонымен қатар Украинаның әскери потенциалының жоғары екенін ұмытпау керек. Себебі, самолет жасау саласында Украина өзінің позициясын ұстанып отыр. Сондықтан әскери салада да ынтымақтастық мәселелері қаралуы мүмкін», - дейді саясаттанушы Шәріпбек Әмірбек.
Ал саясаттанушы Андрей Чебаторевтың пікірінше, Украинаның газ мәселесінде қиыншылықтары бар екенін ескерсек, Қазақстанның газын Украинаға жеткізу мәселесі де көтерілуі мүмкін.
«Қазақстан мен Украина президенттері кездесуіндегі талқыға түсетін маңызды мәселе - Украина, Польша арқылы Еуропаға шығатын Одесса - Бродль мұнай құбырының жобасына Қазақстанның қатысу мүмкіншілігі болуы мүмкін», - дейді Андрей Чебаторев.
Тағы бір саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов болса екі ел президенттерінің кездесуінде мұнай-газ мәселелеріне басымдық беріледі деп санайды.
«Ющенко сапарының басты мақсаты - Ресей мен Украина арасындағы газ мәселесінде туындап отырған дауды біржолата шешу үшін келуі де мүмкін. Ал Украина мен Қазақстан арасындағы шешілмеген мәселе негізінен энергетикаға байланысты. Менің ойымша, Украинаның мақсаты – Ресеймен қарым-қатынас жағдайында шешілетін мәселелер бойынша Қазақстанның қолдауына ие болу сияқты. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе – саудаға байланысты болуы мүмкін. Ресей мен Украинаның қарым-қатынас жағдайы қиын болған кезде Украинаның өнеркәсіп заттарын Қазақстанға сату. Осы мәселелерді Ющенко шешіп алғысы келетін сияқты», - дейді Б.Нұрмұхамедов.
Украина президенті Виктор Ющенко ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімовпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Аслан Мусинмен, Қазақстандағы украин диаспорасының өкілдерімен кездеседі деп хабарланды.