Accessibility links

Түркия азаматы өз өміріне қауіп төнгенін айтып, осы елдің Алматыдағы елшілігін паналады


АЛМАТЫ: Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың інісі Б.Назарбаевтың меншігіне жататын “BN Pegasus” құрылыс компаниясының тең құрылтайшысы, Түркия азаматы Тахсин Аққаш әлі де Түркияның Алматыдағы елшілігін паналап отыр. “BN Pegasus” компаниясы басқармасы кеңесінің мүшесі Эрол Шимшектің атынан Интернет арқылы таратқан хабарламада Б.Назарбаевтың зайыбы Майра арнайы кісі жалдап, Тахсинге қысым көрсетіп жатыр және тіпті оның өміріне ашық қауіп төніп тұр деген ақпарат айтылды. Түркия елшілігіне барған біздің тілшімізге не елшіліктен, не Қазақстан полициясынан әзірше ешқандай мәлімет берілмеді. «Азаттықтың» Қазақ қызметі жұма күні Астана уақытымен түстен кейін Тахсиннің өзімен телефон арқылы байланысқанда, ол “дәл қазір келіссөз жүріп жатқанын, әзірше өз басына төнген қауіп-қатердің жоқтығын және мәселе анықталған соң, ертең өзінің хабарласатынын” айтты.
XS
SM
MD
LG