Accessibility links

БҰҰ Оңтүстік Қазақстан облысында зардап шеккен адамдарға ізгі ниет көмегін берді


Көмек "Қызыл Жарты Ай" ұйымы Оңтүстік Қазақстан облысының бөлімшесі арқылы таратылмақ. Құны 4 миллион 800 мың теңге көмек заттары Сарыағаш, Ордабасы, Арыс, Шардара аудандарына бағытталған. Ақпан айының соңында шамамен 13 мың адам баспанасыз қалған, жүздеген тұрғын үй қирады. Балаларды қорғау жөніндегі халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы апаттың әлеуметтік салдарын жою қажеттегін айтып отыр. Баспанасыз қалғандарға Біріккен Ұлттар Ұйымы босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариаты да көмектеспек.
XS
SM
MD
LG