Accessibility links

Қазақстан президенттің бұрынғы күйеу баласы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы сырттай сот үкімімен әрқайсысы 20 жылға сотталды


Наурыздың 26 күні Қазақстандағы Ақмола гарнизонындағы әскери сотта билікті басып алуға әркеттенді деген айыппен президент Назарбаевтың бұрыңғы күйеу баласы Рахат Әлиевке, бұрыңғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әлнұр Мұсаевқа және басқа да 14 адамға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды. Әлиев пен Мұсаевтың әрқайсысы сырттай сотталып 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл сот отырысы мемлекеттік құпиялар жарияланады деген желеумен жабық түрде өтті.

2008 жылы қаңтар айында Алматы қаласындағы Алмалы сотының отырысында адам ұрлады деген айыптау бойынша қылмысты деп танылған Әлиев сырттай сотталып 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Енді Ақмола гарнизонындағы әскери сотта Рахат Әлиев 20 жылға сотталды. Мерзім ол тұтқындалған уақыттан басталады. Оның сыртында президент Назарбаевтың атына Рахат Әлиевті барлық мемлекеттік марапаттаулардан, генералдық шеннен және дипломатиялық лауазымдардан айыру жөнінде өтініш жіберілді.

Мемлекеттік айыптаушы прокурор Гүлзия Кьюкованың айтуынша, Әлиев пен Мұсаев Қазақстандағы билікті күшпен басып алу үшін Израил мен Мысырда Әлиевтің ақшасына арнайы сенімді адамдарды дайындаған.

«Күдік болмас үшін бұл адамдар ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері немесе президенттің күзет қызметкері ретінде орналасып, еңбекақы алып отырған», - дейді прокурор Кьюкова.

Оқиғаның басында 2007 жылдың наурыз айында Қазақстан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиев адамдарды қолды қылып өлтірді деген айыппен халықаралық іздеуге берілді. Ал, Австрия тарабы Әлиевті Қазақстанға беруден бас тартты. «Нұрбанк» басшысының бұрынғы орынбасары Жолдас Темірәлиев пен банктің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Айбар Хасенов 1 жыл бұрын жоғалған, әлі табылмады. Жоғалған банкир Жолдас Темірәлиевтің әйелі Армангүл Қапашева мен оның қорғаушысы, қоғам қайраткері Маржан Аспандиярова сот үкімдері тым жұмсақ деген болатын. Олар Әлиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен. Және де Рахат Әлиевтің әйелі болған Қазақстан президенті Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахаттың ұлы Нұрәлі Әлиев сотқа тіпті куә ретінде қатыспады деген пікірлер айтылды. Серікболсын Әбділдиннің жетекшілігіндегі Коммунистік партиясының Астанадағы өкілі Тоты Елубаеваның айтуынша, бұл сот үдерістері спектакль және билікке деген топтық талас.

«Бір жағынан, президент Назарбаев елге тіпті өз туыстарын аямайтындығын көрсеткісі келеді. Екінші жағынан, ол билікте өмір-бақи қалғысы келеді. Сондықтан ол бұл пиғылға кесірін тигізетін беделді адамдарды алып тастағысы келеді. Бірақ, өз немерелерінің әкесі Рахат бәрібір түрмеге отырмайды», - дейді саясаткер Елубаева.

Сарапшылардың пікірінше, Әлиевтің төңірегіндегі дау-дамай Қазақстандағы мүліктің қайта бөлінуіне және президент Назарбаевтың тағы бір күйеу баласы Темір Құлыбаевтың жағдайын жақсартуға әкеп соғады. Ал, Әлиевтің сыбайласы ретінде сыттай сотқа тартылған Әлнұр Мұсаев тыңшылық түрінде мемлекетке опасыздық жасады деп сотталды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне жетекшілік еткен Әлнұр Мұсаев бұған дейін Алмалы сотының үкімімен 15 жылға сотталған болатын, ал енді әскери сот үкімі бойынша 20 жылға сотталды. Ол да генералдық шенінен айырылады. Және соттың шешімімен қылмыстық топтың мүлкі мемлекет пайдасына алынады. Дәлірек айтқанда, Алматы облысы Қарасай аудандағы Рахат елді мекеніндегі спорттық-монша кешені, осы аудандағы Көлді ауылындағы жер телімімен «Агротекс» агрофирмасының мүлкі, сондай-ақ қылмыс жасалған «Тойота Лэнд Крузер», «Мерседес» және басқа да автокөліктер мемлекет пайдасына өтеді.
XS
SM
MD
LG