Сербия Қорғаныс министрлігі Ираққа 230 млн доллар болатын әскери жабдықтар сату жөнінде келісім жасағандарын айтты. Оның ішінде, жаттықтырушы әуе ұшақтары, тапаншалар, мылтықтар, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен бронежилеттер бар. Сербия қорғаныс министрі Драган Шутановас бұл өз елінің қару-жарақ өнеркәсібі үшін “ғасыр келісімі” болды деген.