Барлық дерлік басылымдар Олимпиада алауы Алматының қай жерінен бастау алады, алғашқы боп кім ұстайды, қандай көшелермен жүретіні туралы тәптіштеп жазып жатыр.
“Егемен Қазақстан» газеті «Дүбір» айдарымен берілген мақаласында «Келесі сәрсенбіде, 2-сәуір күні, Олимпия алауы тарихта тұңғыш рет елімізге жеткізіліп, шырағдан шеруі алғаш рет қазақ топырағынан бастау алады» деп жазса, «Казахстанская правда» газеті «Олимпиада алауына ең бірінші боп Қазақстан президенті Медеу мұз айдынында қол тигізіп, одан соң алауды Афина олимпиадасынынң чемпионы, нөмірі бірінші алаушы - Бахтияр Артаевқа береді» деп жазыпты.
«Егемен Қазақстан» газетінде сайлаушыларын аралап қайтқан депутаттардың «ел сәлемдемелері» тақырыбын жалғастыра отырып, «Үш тұғырлы тіл еліміздің болашағы үшін қажеттігін ұмытпайық» деген мақала басыпты. Онда саясаттанушы Тұрсын Әбдуәли, қазақ тілінің бүгінгі мән-жайына көңіл тоярлық танытып, «Амал нешік, осындай жақсы нышандарды көріп, біліп жүріп, “тіліміз құрып барады” деп күйзеле шулайтынымызды қайтерсің?! Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда осылай жабырқаушы едік, енді өркендеу өріне көтерілгенімізге он жеті жыл болса да сол “әләулайдан” әлі танбай келеміз. Ақындарымыз айтысқан сайын “Қазақтың тілін қашан тірілтеміз?” деуден жаңылатын емес. Кейбір қаламгерлеріміз де осы мағынада талай қаламның сиясын тауысты» дей келіп ғаламдану үрдісіне сай ағылшын тілін үйрену қажеттігін негіздейді.
Бірқатар басылымдар жақын арада Қазақстанда босқындар қабылдайтын арнайы орталық ашылуы мүмкін деп жазыпты. «Ол жайлы БҰҰ Жоғарғы комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Сезар Дюбон мәлімдеді» деп жазады «Экспресс К» газеті. Сондай-ақ осы газет «22 миллион долларлық героин» деген бас мақаласында, Қостанай облысының «Қайрақты» кеден бекетінде Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы өтпек болған жеңіл автокөліктен жарты тоннадан астам героин ұсталғанын жазыпты.
«Литер» газеті «бұл үстіміздегі жылғы Қазақстан ішкі істер қызметкерлері тәркілеген 100 килограм героиннан әлдеқайда көп» дей келіп, «Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы бес жылда Қазақстанда тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 115 тонна болады» деген анықтама келтіріпті.
Кейбір басылымдар Өскемен қарттарының бірінші сәуірден бастап қоғамдық көлікпен жүру жеңілдігінің алып тасталғанына тосын наразылық білдіріп қала әкімшілігі ғимаратының алдына жиналғаны туралы жазыпты.
«Время» газеті «Рахатгейт» айдарымен «Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу департаментінің бастығы полковник Марат Қолқабаевқа он сауал» деген мақаласында «сот үкіміне сәйкес Рахат Әлиев 2001 жылы у дайындап, оны жеке өзі адамдарға сынамақ болған» деп айтылған. Нақты кімдерге сынамақ болды және ол немен аяқталды?», «...айыпкерлер нақты қандай мемлекеттер пайдасына тыңшылықпен айналысты және оған байланысты Қазақстан үкіметі қандай да наразылық нотасын білдірді ме?» деген сияқты және тағы да басқа сауалдарға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің маманы «жедел шаралар әлі де жүргізіліп жатқанын, халықаралық нормалар талабын, т.б. себептерді тілге тиек етіп, «алып-қашты» түрде жауап беріпті.
«Время» газеті «Тәбеттеріңізді тежеңіздер» деген мақаласында «Алматы қалалық әкімшілігі өзінің бұрын шығарған 50 шақты қаулысының күшін жойды. Оның ішінде 38 қаулы құрылыстық мақсатта жер беру туралы болған» деп, сол құрылыс компанияларының тізімін басыпты.
«Айқын» газеті «Жастар министрлігі құрылуы мүмкін» деген мақаласында «Кеше Астанада мемлекеттік жастар саясатына арналған парламенттік тыңдауларда ...жастар ұйымдарының белсенділері, тіпті Отбасы, балалар және жастар министрлігін құру идеясын ұсынды» деп жаза келіп, «Берерін беріп болған шалдар сіресіп отырғанда, жалындаған жастар биік лауазымға қол жеткізе ала ма?» деп көкейдегі сауалын қойыпты. Оған жауап берген сенатор Ғарифолла Есім: «Негізінде, бізде жастар мен қариялар арасында сабақтасу мәдениеті қалыптаспаған. ...өз басым тәжірибесіз, жұмысты меңгеру қасиеті аз жастарға орын бергеннен гөрі, тіс қаққан, кез-келген істі ұтымды меңгере алатын шалдардың қызмет етуіне жағдай жасаған жөн деп ойлаймын» десе, саясаткер Серікболсын Әбдилдин: «...біздің шалдар жылы орындарын жастарға қиып бергісі жоқ. Бұл – қанымызға сіңген әдет. Жастарды жетектеуде тамыр-таныстық, тек пен руға бөлінушілік түбі бізді оңдырмайды» деген мазмұнда жауап беріпті.