ПАРИЖ: Францұз премьер-министрі Франсуа Фийон Франция Ауғанстанға тағы бірнеше жүз жауынгерін жіберуі мүмкін деп мәлімдеді. Кеше парламентте сөйлеген сөзінде Фийон атап көрсеткендей, францұз әскерінің міндеті – тәліптерге тойтарыс беру мен ауған армиясын жаттықтыру болып табылады. Қазір Ауғанстанда Францияның 1,5 мың жауынгерлік әскері бар. Ф.Фийонның айтуынша, осы жоспардың жай-жапсарын НАТО-ның бүгін Румынияда басталатын саммитінде францұз президенті Н.Саркози жариялайды.