Accessibility links

Ирақ премьер министрі шиит жауынгерлеріне қарсы операциясын тоқтатуға нұсқау берді


Бүгін Ирақ премьер-министрі Нури әл Мәлики қауіпсіздік күштеріне елдегі шиит жауынгерлеріне қарсы операцияларын тоқтатып, олардың өз еркімен қаруларын тастауға жол беруге нұсқау берді. Осыған дейін премьер министр Мәлики көбіне радикалды шиит жетекшісі Моқтада әс-Садрдың Маади армиясынан құралған содырлар тобын құртуға Ирақ күштеріне нұсқау берген. Содан бергі қақтығыстардан жүздеген адам қаза болды. Әл Мәлики шиит жауынгерлеріне қаржылай сыйлық ұсынып, 8-ші сәуірге дейін қаруларын тастауға уақыт берді.
XS
SM
MD
LG