Америка Құрама Штаттары Приштинада өз елшілігін ашты. 17-ші ақпанда Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған Косовода осымен 5-ші шетел елшілігі ашылып отыр. Косово президенті Фатмир Сейдиу өз елінің Вашингтонмен қарым-қатынастарын “ерекше” деп атады. Бұған дейін Британия, Германия, Албания және Швейцария мемлекеттері Приштинада өз елшіліктерін ашқан болатын. Косовоның туелсіздігін 30-дан астам мемлекет мойындады.