ТОКИО: Жапонияның сыртқы істер министрі Масахико Комура Мәскеумен арадағы жер дауын талқылау үшін сәуірдің 12-15-і күндері Ресейде ресми сапарда болады. Ол туралы бүгін сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мәскеу мен С.-Петерборда болатын 4 күндік сапарының барысында М.Комура Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровпен келіссөз өткізуге тиіс. Ресми Токио Мәскеуден Ресей “Курил аралдары” деп, ал Жапония өзінің “Солтүстік территориясы” деп атайтын 4 аралды өзіне қайтаруды талап етіп келеді. Әлгі аралдарды Совет Одағы ІІ-нші дүниежүзілік соғыстың аяғында 1945-інші жылы тартып алған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы