Accessibility links

Ресми Бежин АҚШ-тың Өкілдер палатасы “Қытайға қарсы құжат” қабылдады деп санайды


БЕЖИН: Қытайдың сыртқы істер министрлігі АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы қабылдаған “Тибеттегі ахуал туралы” Қарары “ащы наразылық” туғызғанын мәлімеді. Ресми Бежин бұл Қарарды “Қытайға қарсы құжат” деп есептейді. Өкілдер палатасының Қарары Тибеттегі таяуда болып өткен халық толқуын басу үшін Қытай үкіметін “асыра күш қолданды” деп өткір сынап, ресми Бежинді Тибеттің қуғында жүрген рухани серкесі Далай-ламамен келіссөз өткізуге шақырады.
XS
SM
MD
LG