Балқан елі Македония кезектен тыс парламенттік сайлауларын 1-ші маусымға белгіледі. Бұл күн туралы заңшығарушылар кезектен тыс сайлаулар өткізу үшін парламентті тарату жөнінде дауыс берген соң анықталды. Ол дауыс берулер Македонияның НАТО-ға мүшелікке өту үшін шақырту алуына Грекияның кедергі жасағанынан кейін болып отыр. Грекия Македонияның атауы өзінің солтүстігіндегі провинция атауымен бірдей болғанына байланысты қарсылық танытқан. Және Македониядағы этникалық албандар құқына байланысты кереғарлық бар екені айтылған.