Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов кеше парламентте айтқан сөзінде "Шеврон" басқарып отырған "Теңізшевройл" біріккен мұнай компаниясы Атырау облысында экологияға зиян келтіріп отыр деп айыптады. Қазақстан үкіметі "Шеврон" компаниясы күкірт қалдықтарының жылдар бойы ашық аспан астында жатқанына кінәлі дейді. "Теңізшевройл" компаниясына осы айып бойынша былтыр желтоқсан айында айыппұл салынған. Алайда бұл айып тағы да тағылып отыр.