СУХУМИ: Халықаралық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан, бүгін таңертең Ресей Грузиядан бөлінген Абхазия республикасындағы бітімгершілік күштерінің қатарын 2 мың жауынгерден 3 мыңға дейін ұлғайтты. Ресми Мәскеу бітім күштерін БҰҰ-ының делдал болуымен 1994-інші жылы қол қойылған бітімге сәйкес ұлғайтқанын мәлімдеді. Алайда Ресейдің бітімгершілік күштерінің ұлғайтылуына қарсылық білдірген Грузияны НАТО мен Еуропа Одағы және АҚШ қолдады. Грузин президенті М.Саакашвили Абхазияны Грузияның құрамына қайта қосып алуға уәде берген болатын.