Мьянмада орын алған табиғи апаттан қаза болғандардың саны кемінде 15 мыңға жетті, сондай-ақ, мыңдаған адам табылмай отыр. Бұл туралы Мьянманың әскери режимі хабарлады. Сенбі күні бұл елде Наргис циклоны болған еді. Бүгін мемлекеттік теледидардан гуманитарлық дағдарыспен күресу үшін әскери хунта халықаралық көмекті қабылдауға дайын деп хабарланды.
“Дауылдан зардап шеккен аймақтарға үкімет қолынан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Халқымыз төтенше мұқтаждыққа зәру болған кезде мемлекетімізге басқа да елдер көмектессе біз үшін жақсы болар еді”, - дейді Мьянма телеарнасының хабар таратушысы. Сонымен қатар, бұл елде сенбіге жоспарланған конституциялық референдум 47 елдімекеннен басқа аймақтарда өтеді деп хабарланып отыр.